Опрос

Была ли информация на сайте полезной для Вас?

Loading ... Loading ...
Разделы
Статистика

Archive for the ‘Абай.Слова назидания’ Category

Слово Сорок пятое

Қырық Бесінші Сөз
Құдай Табарака уатағаланың барлығының үлкен дəлелі — неше мың жылдан бері əркім əр түрлі сөйлесе де, бəрі де бір үлкен Құдай бар деп келгендігі, уа һəм неше мың түрлі діннің бəрі де ғаделет, махаббат Құдайға
лайықты дегендігі.
Біз жаратушы емес, жаратқан көлеңкесіне қарай білетұғын пəндеміз. Сол махаббат пен ғаделетке қарай тартпақпыз. Сол Алланың хикметін біреуден біреу анығырақ сезбекпен артылады.
Инандым, сендім демек инандырамын, сендіремін деген емес. Адамшылықтың алды — махаббат, ғаделет сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол — жаратқан Тəңірінің ісі. Айғыр
биеге ие болмақта да махаббат сезім бар.
Бүл ғаделет, махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі — ғалым, сол —ғақил. Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нəрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен біліп.

============================================
Доказательством существования единого и всемогущего Бога является то, что многие тысячелетия на различных языках люди говорят о существовании Бога и сколько бы ни было религий, все считают, что Богу присущи любовь и справедливость.
Мы не создатели, а смертные, познающие мир по созданным вещам. Мы — служители любви и справедливости. И отличаемся тем, насколько лучше один другого осознаем творения Всевышнего.
Веруя и поклоняясь сами, мы не вправе сказать, что можем заставить верить и поклоняться других.

Начало человечности — любовь и справедливость. Они присутствуют во всем и решают все. Это — венец творения Всевышнего. Даже в том, как овладевает жеребец кобылицей, проявляется любовь.
В ком господствуют чувства любви и справедливости — тот — мудрец, тот — учен. Мы не способны придумать науку, мы можем только видеть, осязать созданный мир и постигать его гармонию разумом.

Слово Сорок четвертое

Қырық Төртінші Сөз
Адам баласының ең жаманы — талапсыз. Талап қылушылар да неше түрлі болады. Һəм талаптың өзі де түрлі-түрлі. Һəм сол талаптардың қайсысының соңына түссе де, бірінен-бірі өнерлі, тұрлаулырақ келеді. Уа, лəкин адам баласы я талапты, я талапсыз болсын, əйтеуір “бəрекелдіні” керек қылмайтұғыны болмайды. Əрнешік, орынсыз ба, орынды ма, “бəрекелді” деушіні көңіл іздеп тұрады.
Адам баласы өзі қай жолда, қай майдаңда жүрсе, сол майдандағы кісімен сырлас болады. Аның үшін өзге жолдағылардан “бəрекелдіні” оңды күтпейді. Read the rest of this entry »

Слово Сорок третье

Қырық Үшінші Сөз
Адам ұғылы екі нəрсеменен: бірі — тəн, бірі — жан. Ол екеуінің орталарында болған нəрселердің қайсысы жибили [208] қайсысы кəсиби [209] оны білмек керек.
Ішсем, жесем демектің басы — жибили, ұйық-тамақ та соған ұқсайды. Аз ба, көп пе, білсем екен, көрсем екен деген арзу210, бұлардың да басы — жибили. Ақыл, ғылым — бұлар — кəсиби. Көзбенен көріп күлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады.
Ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалпыменен, ұнамсызы ұнамсыз қалпыменен, əрнешік өз суретіменен көңілге түседі. Ол көңілге түсіруші бағанағы бес нəрседен өткен соң, оларды жайғастырып көңілде суреттемек. Read the rest of this entry »

Слово Сорок второе

Қырық Екінші Сөз
Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретүғынының бір себебі — жұмасының жоқтығы. Егер егін салса, я саудаға салынса, қолы тиер ме еді? Ол ауылдан бұл ауылға, біреуден бір жылқының майын мініп, тамақ асырап, болмаса сөз аңдып, қулық, сұмдықпенен адам аздырмақ үшін, яки азғырушылардың кеңесіне кірмек үшін, пайдасыз, жұмыссыз қанғырып жүруге құмар. Дүниелік керек болса, адал еңбекке салынып алған кісі ондай жүрісті иттей қорлық көрмей ме? Өзінің кəсібін тастап, кезегендікке салына ма?
Малдылар малын өңкей малшыларға, бала-шағаға тапсырып, қолдағы Құдай берген азды-көпті дəулеті қызықсыз көрініп, оның ұры-бөріге жем болып, қарға-жарға ұшырауына шыдайды. “Пыш-пыш” кеңестен қалып, бір ауылдан бір ауылға барып қулық, сұмдық жасап жүріп, тегін тамақ жеп, ыржаңдасуды қысыратуға шыдамайды. Не үшін десең, халықка əдет сол болған соң, шаруаға пысық, мал бағуға, мал табуға пысык ол өнерлі кісіге қосылмайды, я өзі пəле шығаруға пысық, я сондайлардың сөзін “естігенім,
білгенім” деп елге жайып жүріп, ырбаңдауға пысық өнерлілерге қосылғандай көрінеді.
Сол үшін осы қазақтың іске жараймын дегені өзінің азды-көптісін біреуге қоса салып, “көре жүр, көздей жүр” деп басын босатып алып, сөз аңдып, тамақ аңдып, ел кезуге салынады.
Бұл күндегіге байлық та мақтан емес, ақыл, абырой да мақтан емес, арыз бере білу, алдай білу — мақтан. Бұл екеуі қолынан келген кісі салт атты, сабау қамшылы кедей де болса, аз да болса орны төрде, майлы атқа, майлы етке қолы жетеді. Желекпелеу, мақтаншақ байларды: “сіз айтсаңыз, отқа түсуге бармын”
деп желдендіріп алып, шаруасын қылмай-ақ, малын бақпай-ақ содан алып киімін бүтейтіп киіп, тəуір атын мініп алып, қатарлы бір құрметке жетіп жүре береді.
Ол бай өз тыныштығын да білмейді. Бос шығынданғанын да ескермейді.
Бір кісімен сөйлессе, мұны қайтеміз деп бағанағы антұрғанмен ақылдасады.
Ол сиырдың жорғасы секілденіп, қарайғанда жалғыз өзім болсам екен дейтұғын ниетімен жəне де ақылдасар досы көбейсе, қадірім кетіп қалады деп “Ой, Тəңір-ай, соны білмей тұрсыз ба? Ол ана қулық қой, бұл мына қулық қой деп, оған бүйдей салсаң болмай ма!” деп бар оңбаған жауапты үйретіп, амалшылықтың жолын үйретем деп, ол байдың өзін кісіге сенбейтұғын қылады. Жəне байдың өзіне де адам сенбейтұғын болады. Байдың өз жауабы, өз мінезі оңбай тұрған соң, бағанағы кісі бұзылса, əлгі антұрған байға, “мен
айтпап па едім, онікі қулық сөз деп, міне көрдің бе?” деп, екіншіде тырпетпейтұғын қылып алады. Ендігі жұрттың ақылы да, тілеуі де, харекеті де — осы.
=============================

Одна из причин пристрастия людей к порочному — безделье. Когда б он возделывал землю, занимался торговлей, разве мог бы он вести праздную жизнь? Ездит из аула в аул на выпрошенной у кого-то лошади, живет на дармовщину, разносит сплетни и слухи, хитростью и коварством подстрекает
других или сам идет на поводу у подстрекателей, скитаясь без дела и без пользы. Тот, кто стремится к благополучию, кто привык жить своим трудом, сочтет такую жизнь унизительной. Разве он оставит свое дело, чтобы бродяжничать бесцельно?
Тот, у кого заводится хоть мало-мальский скот, не довольствуясь этим, не бережет то, что имеет, а отправляется на поиски радостей, оставив пастухам и детям заботу о стаде, которое становится добычей воров, хищников, гибнет в непогодь. Он стерпит эту утрату, но будет не в силах отказываться от участия в тайных заговорах, сплетнях, мелких дрязгах. Желая обрести значимость и вес в обществе, он считает обязательным для себя быть причастным к мерзким и злым козням, грязным нашептываниям, ничтожному пакостничеству. Достигшие кое-какого достатка, бросают свое добро на попечение других, «ты, мол, присмотри, пригляди», сами же предаются суесловию, дармоедству, праздному шатанию.
Нынче люди не дорожат высоким умом, всеобщим уважением или богатством; умение писать жалобы, умение ловко обвести кого-то вокруг пальца — вот что в почете. Кому удастся это, будь он беден и сир, ему всюду уготовано почетное место, жирный кус мяса и упитанный конь. Такому мошеннику легко улестить простоватого бая, заявив лицемерно: «Вы только велите, ради вас я хоть в огонь готов пойти». И этого достаточно, чтобы, не ударив палец о палец, быть сытым, одетым, ездить на хорошем коне и
пользоваться всеобщим уважением.
Бай не думает об утерянном покое, не считает своих расходов. Прежде чем говорить с кем-то, он будет держать совет с проходимцем, который стелется перед ним мелкой иноходью, страшась потерять доверие бая, тревожась, как бы не завелись у владыки другие советчики.

«Аллах с вами, — говорит он угодливо, — неужто вы сами не додумались до такой простой вещи?» И начнет подсказывать хитрости одну гнуснее другой, внушает баю подозрительность к другим. В конце концов бай теряет доверие к себе окружающих. Если умный человек не соглашается с баем и отворачивается от него, прохвост тут как тут: «Вот видите? Не я ли говорил вам, что это его
козни?» И вовсе подчинит своей воле наивного бая.
Вот на что теперешние люди тратят свой ум и желания.
Вот чем они живут.

Слово Сорок первое

Қырық Бірінші Сөз
Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нəрсе керек.
Əуел — бек зор өкімет, жарлық қолында бар кісі керек. Үлкендерін қорқытып, жас балаларын еріксіз қолдарынан алып, медреселерге беріп, бірін ол жол, бірін бұл жолға салып, дүниеде есепсіз ғылымның жолдары бар, сол əрбір жолда бір медресе бар, соларға тоздырып, бірін сен бұл жолды үйрен,
сен ол жолды үйрен деп жолға салып, мұндағы халыққа шығынын төлетіп жіберсе, хəтта қыздарды да ең болмаса мұсылман ғылымына жіберіп, жақсы дін танырлық қылып үйретсе, сонда сол жастар жетіп, бұл аталары картайып сөзден қалғанда түзелсе болар еді. Read the rest of this entry »