Опрос

Была ли информация на сайте полезной для Вас?

Loading ... Loading ...
Разделы
Статистика

Archive for the ‘Абай.Слова назидания’ Category

Слово Сороковое

Қырқыншы Сөз
Зинһар, сендерден бір сұрайын деп жүрген ісім бар.
Осы, біздің қазақтың өлген кісісінде жаманы жоқ, тірі кісісінің жамандаудан аманы жоқ болатұғыны қалай?
Қайраты қайтқан шал мен жастың бəрі бітім қылады, шалдар өзді-өзі құрбыдан айрылып азайып отырса да, біріменен-бірінің бітім қылмайтұғыны қалай?
Бір елдің ішінде жамағайынды кісі бірге туғаңдай көріп, іші елжіреп жақсы көріп тұрып, елге келсе, əрберден соң қайта қашқандай қылатұғыны қалай? Read the rest of this entry »

Слово Тридцать девятое

Отыз Тоғызыншы Сөз
Рас, бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан білімі, күтімі, сыпайылығы, тазалыгы төмен болған, бірақ бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ендігі жұрт ата-бабаларымыздың мінді ісін бір-бірлеп тастап келеміз, əлгі екі мінезін біржола жоғалтып алдық. Осы күнгілер өзге мінезге осы өрмелеп ілгері бара жатқанына қарай, сол аталарымыздың екі ғана тəуір мінезін жоғалтпай тұрсақ, біз де ел қатарына кірер едік, мінез жоқ болған соң, əлгі үйренген өнеріміздің бəрі де адамшылыққа ұқсамайды, сайтандыққа тартып барады. Жұрттықтан кетіп бара жатқанымыздың бір үлкен себебі сол көрінеді.
Read the rest of this entry »

Слово Тридцать Восьмое

Дети мои, утешение сердца моего! Вот написал несколько слов о человеческих деяниях и завещаю написанное вам, как память. Прочтите со вниманием, вникните в суть этих слов, и ваши сердца преисполнятся любовью. Любовь человека неотделима от его разума, человечности, знаний.
Исходной, изначальной причиной этих свойств являются те совершенства, которые даются человеку от рождения — крепкое здоровье, прекрасная внешность, все остальное зависит от благородства отца и матери, от мудрых наставников и добрых друзей. Устремленность и понятливость порождаются любовью. А разум, человечность и знания будят в человеке интерес к науке.

Ребенок по доброй воле не тянется с ранних лет к учебе. Приходится его принуждать или привлекать до тех пор, пока у него не возникнет жажда знаний. Ребенка, имеющего стремление к знаниям, можно считать человеком, можно питать надежду на то, что он будет стремиться познать Бога, понять себя и окружающий мир, что он научится приобретать добро, не поступаясь честью, и будет избегать зла. Иначе ему суждено пребывать в невежестве, в лучшем случае получит он весьма поверхностные знания. Скверно, что многие родители, дурно воспитавшие своих детей, затем отдают их на
попечение мулл, ибо пользы от этой учебы нет. Развращенные сызмальства дети не могут иметь интереса к знаниям, религии, почтения к своим наставникам. Не получится из них полноценных людей, добросовестных мулл, истинных мусульман. Самое сложное — воспитать в них человечность.
Read the rest of this entry »

Отыз Сегізінші Сөз (3 б.)

Растың бір аты — хақ, хақтың бір аты — Алла, бұған қарсы каруласқанша, мұны ұғып ғадалəтпен тəптештеуге керек. Мұндай фиғылдардан күпір[158] қаупі де бар. Жəне Пайғамбарымыз саллала Аллаһу ғалайһи уа салламнің “ақыр заманда бір жылдық, бір күн болар” дегенде сахаба-и кəрəмлар[159] “бұл жылдық күнде намаз нешеу болар” деп сұрағанда: оның пəтуасын сол заманның ғалымдары білер деген сөзінен ғибратланып қарасаң, замана өзгеру бірлəн қағидалар өзгерілмегін білдіргені мағлұм болады.

Бұл күндегі тəхсилғұлум[160] ескі медреселер ғұрпында болып, бұл заманға пайдасы жоқ болады. Соған қарай Ғүсманияда[161] мектеп харбия[162] , мектеп рүшдиялар[163] салынып, жаңа низамға айналған. Мұндағылар ұзақ жылдар өмір өткізіп, ғылымды пайдасыз ұзақ бахастар бірлəн күнін өткізіп, мағишат [164] дүниеде надан бір ессіз адам болып шыгғады да, харакетке лайығы жоқ болған соң, адам аулауға, адам алдауға салынды. Көбінесе мұндай ессіздердің насихаты да тасирсіз болады.
Read the rest of this entry »

Отыз Сегізінші Сөз (2 б.)

Бүл фигылы қүданың[101] ешбірінде қарар қылмаймыз, өзгелерде болғанын жек көрмейміз, өзіміз тұтпаймыз, бұл қиянатшылық емес пе?
Қиянатшылыққа бір қарар тұрған адам я мұсылман емес, ең болмаса шала мұсылман.

Алла Табарака уатағаланың пенделеріне салған жолы қайсы? Оны көбі білмейді. “Тафаккару фи’ал иллаһи”[102] деген хадис шарифтің “инна Аллаһу йухиббул мұқситин”[103] деген аяттарға ешкімнің ықласы, көңілі менен ғылымы жетіп құптағанын көргеніміз жоқ. “Ата марру ан-Наса би-л — бирри уа ахсану.

Инна Аллаха йухиббу-л-мухсинин”[104], “уа аллазина амəну уə амилу с-салихати л-алаика асхабул жаннатиһум фиһа халидун”[105] деген аяттар Құранның іші толған ғамалус-салих[106] не екенін білмейміз. “Уа ллазинə амəну уə ғамилу с-салихати фə йуəффиһим үжурəһүм уа аллаһу лə йүхиббу залимин”[107] аятына қарасаң, ғамалус-салих залымдықтан дидди[108] болар. Олай болганда, ғадалəт рафғат[109] болуға кімде-кімнің əділеті жоқ болса, оның хиясы жоқ, кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы жоқ деген, Пайғамбарымыз саллаллаһу галайһи уасəлламнің хадис шарифі “мəн лə хаяүн лаһу уə ла иманун лаһу”[110]деген дəлел дүр. Енді белгілі, иман құры инаныш бірлəн болмайды, ғадалəт уə рафғат бірлəн болады. Ғəмалус-салих ғадаллəтті мархамəтті болмақ күллі тəнбірлəн қылған кұлшылықтарын ешбірі ғадалəтті мархаматты бермейді. Read the rest of this entry »