Отыз Сегізінші Сөз (2 б.)

Бүл фигылы қүданың[101] ешбірінде қарар қылмаймыз, өзгелерде болғанын жек көрмейміз, өзіміз тұтпаймыз, бұл қиянатшылық емес пе?
Қиянатшылыққа бір қарар тұрған адам я мұсылман емес, ең болмаса шала мұсылман.

Алла Табарака уатағаланың пенделеріне салған жолы қайсы? Оны көбі білмейді. «Тафаккару фи’ал иллаһи»[102] деген хадис шарифтің «инна Аллаһу йухиббул мұқситин»[103] деген аяттарға ешкімнің ықласы, көңілі менен ғылымы жетіп құптағанын көргеніміз жоқ. «Ата марру ан-Наса би-л — бирри уа ахсану.

Инна Аллаха йухиббу-л-мухсинин»[104], «уа аллазина амəну уə амилу с-салихати л-алаика асхабул жаннатиһум фиһа халидун»[105] деген аяттар Құранның іші толған ғамалус-салих[106] не екенін білмейміз. «Уа ллазинə амəну уə ғамилу с-салихати фə йуəффиһим үжурəһүм уа аллаһу лə йүхиббу залимин»[107] аятына қарасаң, ғамалус-салих залымдықтан дидди[108] болар. Олай болганда, ғадалəт рафғат[109] болуға кімде-кімнің əділеті жоқ болса, оның хиясы жоқ, кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы жоқ деген, Пайғамбарымыз саллаллаһу галайһи уасəлламнің хадис шарифі «мəн лə хаяүн лаһу уə ла иманун лаһу»[110]деген дəлел дүр. Енді белгілі, иман құры инаныш бірлəн болмайды, ғадалəт уə рафғат бірлəн болады. Ғəмалус-салих ғадаллəтті мархамəтті болмақ күллі тəнбірлəн қылған кұлшылықтарын ешбірі ғадалəтті мархаматты бермейді.

Көзің күнде көреді намаз оқушы, руза тұтушылардың не халəттə екендіктерін, оған дəлел керек емес.
Бəлки ғадалəт барша ізгіліктің анасы дүр. Ынсап, ұят бұл ғадалəттəн
шығады. Аның үшін ғадалəтті адамның көңіліне келеді: мен өз көңілімде қылық менімен, сондай-мұңдай қылықтармен мүғамəла[111] қылса екен деп ойлап тұрып, өзім сол қылықтармен мүғамəла қылмағандығым жарамайды ғой деп, сол өзі əділет те һəм ынсап та емес пе? Ол һəмма жақсылықтың басы емес пе? Жə, олай хұлық[112] пенен сол ойды ойлаған кісі Халлақына[113] шүкірді неге ойламайсың?
Шəкірліктен[114] ғибадаттың бəрі туады. Енді зинһар[115] ғадалəт, шапағаттан босанбаңдар. Егер босансаң, иман да, адамдық та, һəммасы босанады, Аллаяр софының бір фəрдəдəн жүз фəрдə бижай[116] дегені басыңа келеді.

Енді біздің бастағы тағриф бойынша Құдай Тағала ғылымды, рақымды, ғадалəтті, құдіретті еді. Сенде бұл ғылым, рақым, гадалəт үш сипат бірлəн сипаттанбақ: ижтиһадің [117] шарт еттің, мұсылман болдың һəм толық инсаниятың[118] бар болады. Белгілі жəуанмəртлік үш хаслат бірлəн болар деген сиддық[119], кəрəм[120], ғақыл — бұл үшіндəн сиддық, ғадалəт болар. Кəрəм шафағат болар, ғақыл мағлұм дүр, ғылымның бір аты екендігі, бұлар əр адамның бойында Алла Табарака уатағала тəхмин[121] бар қылып жаратқан.
Бірақ оған рауаж[122] беріп гүлдендірмек, бəлки адам өз халінше кəмəлатқа жеткізбек, жеһəтінде болмақ.

Бұлар — өз ижтиһадің бірлəн, ниет халис[123] бірлəн ізденсең ғана берілетін нəрселер, болмаса жоқ. Бұл айтылмыш үш хаслəттің иелерінің алды — пайғамбарлар, онан соң — əулиелер, онан соң — хакимдер, ең ақыры — кəміл мұсылмандар. Бұл үш түрлі фиғыл құданың соңында болмақ, өзін құл біліп, бұл фиғылдарға ғашық болып, тұтпақты пайғамбарлар үйретті, əулиелер оқыды, ғашық болды. Бірақ, ұхрауи[124] пайдасын ғана күзетті. Ғашықтары сол халге жетті, дүниені, дүниедегі тиерлік пайдасын ұмытты. Бəлки хисапқа алмадылар.
Хакимдер дүниеде тиетін пайдасын сөйлейді, ғибрəт көзімен қарағанда, екісі де бірінен-бірі көп жырақ кетпейді. Аның үшін əрбірінің сөйлеуі, айтуы басқаша болса да, Алла Тағаланың сұңғатына қарап пікірлемекті екісі де айтты.

Пікірленбектің соңы ғибратланбақ болса керек. Бұл ақыл, ғылым екісі де өзін зорга қисабламақты, залымдықты, адам өзіндей адамды алдамақты жек көреді. һəм екісі де мархаматты, шапағатты болмақтықты айтып бұйырды, бұл рақым болса керек.

Бірақ менің ойыма келеді, бұл екі тайфа əр кісі өздеріне бір түрлі нəпсісін фида қылушылар деп.
Яғни пенделіктің кəмəлаты əулиелік бірлəн болатұғын болса, күллі Адам тəркі дүние болып «һу»[125] деп тариқатқа[126] кірсе, дүние ойран болса керек.

Бұлай болғанда малды кім бағады, дұшпанды кім тоқтатады, киімді кім тоқиды, астықты кім егеді, дүниедегі Алланың пенделері үшін жаратқан қазыналарын кім іздейді?

Хəрами [127] , макруһи [128] былай тұрсын, Құдай Тағаланың қуаты бірлəн ижтиһад акылың бірлəн тауып, рақатын көрмегіне бола жаратқан, Берген ниғмəттеріне, онан көрмек хұзурға[129] суық көз бірлəн қарап, ескерусіз тастап кетпек ақылға, əдепке, ынсапқа дұрыс па?! Сахиб нигмəтке[130] шүкіршілігің жоқ болса, əдепсіздік бірлəн күнəкер болмайсың ба?
Екінші — бұл жолдағылар қор болып, дүниеде жоқ болып кету де қаупі бар.

Уа кəпірлерге жем болып кетуде, қайсыбір сабырсызы жолынан тайып, сабырмен бір қарар тұрамын дегені болып кетселер де керек.
Егсер де бұл жол жарым-жартыларына ғана айтылған болса, жарым-жарты раст дүниеде бола ма? Раст болса, һəммəға бірдей раст болсын, алалаған раст бола ма? Һəм ғадалəт бола ма? Олай болғанда, ол жұртта ғұмыр жоқ болса керек. Ғұмыр өзі — хақиқат. Қай жерде ғұмыр жоқ болса, онда кəмəлат жоқ.

Бірақ əулиелердің де бəрі бірдей тəркі дүние[131] емес еді. Ғашерен —мүбəшəрəдан[132] қазірет Ғосман, Ғабдурахман бин Ғауф уа Сағид бин Əбуəқас үшеуі де үлкен байлар еді.
Бұл тəркі дүниелік: я дүние лəззатына алданып ижтиһадім шала қалады деп бойына сенбегендік: я хирс[133] дүниеліктен қауымның көңлін суытпақ үшін, ренжуге сабыр етіп өзін фида қылып мен жаныммен ұрыс қылғанда, халық ең болмаса нəпсісімен ұрыс қылып, һəуа һəуастан[134] əрбір арзуи[135] нəпсідсн суынып, ғадалəт, уа мархамат махаббатына бір қарар болар ма екен деген үмітпенен болса керек. Олай болғанда о да жұртқа қылған артық махаббаттан хисап. Бірақ бұл жол — бек шетін, бек нəзік жол. Бұл жолда риясыз жеңілдіксіз бір қарар тұрып іздеген ғана кісі істің кəмəлатына жетпек.

Бұл заманда надир[136], бұған ғылымның да зоры, сиддық, қайраттың да зоры, махаббаттың халлақна да, уа халық ғаламға да бек зоры табылмақ керек.

Бұлардың жиылмағы, қиынның қиыны, бəлки фитнə[137] болар.
Басына һəм өзіне өзгешелік бермек — адам ұлын бір бұзатын іс. Əрбір наданның біз тариқатқа кірдік деп жүргені біз бұзылдық дегеніменен бір болады. Хаким, ғылым — асылда бір сөз, бірақ ғарафта[138] басқалар дүр.
Дүниеде ғылым заһири[139] бар, олар айтылмыштарды нақлия деп те айтады, бүл нақлияға жүйріктер ғалым атанады.
Құдай Тағала ешбір нəрсені себепсіз жаратпаған, мұны ізерлеп «тəфаккару фиəла ллаһи» деген аятына бинаəн[140] бұл сұнғати қүдадан[141] ізерлеп, құмар болып ғибратланушыларға тыю жоқ, бəлки сұнғатынан себебін білмекке құмарлықтан саниғна [142]ғашықтық шығар. Құдай Тағаланың затына пендесінің ақылы жетпесе, дəл сондай ғашықпын демек те орынсыз.

Ғашық мағшұқлыққа[143] халиқ бірлəн махлұқ ортасы мунəсибəтсіз[144] Алла Тағаланың пендесін махаббат уа мархамат бірлəн жаратқанын біліп, махаббатына махаббат бірлəн ғана елжіремекті — Құдайға ғашық болды дейміз. Олай болғанда, хикімет құдаға, пенде өз ақылы жетерлік қадəрін ғана білсем деген əрбір істің себебін іздеушілерге хаким ат қойдылар. Бұлар хақ бірлəн батылды айырмаққа, себептерін білмекке тырысқандары һəммасы адам баласының пайдасы үшін, ойын-күлкі түгіл, дүниедегі бүкіл лəззат бұларға екінші мəртəбада қалып, бір ғана хақты таппақ, əрбір нəрсенің себебін таппақ бірлəн лəззаттанады.

Адаспай тура іздеген хакимдер болмаса дүние ойран болар еді. Фиғыл пəнденің[145] қазығы — осы жақсы хакимдер əр нəрсе дүниеде солардың истихражы[146] бірлəн рауаж табады. Бұлардың ісінің көбі — дүние ісі, лəкин осы хакимдердің жасаған, таратқан уа айтқан істері «əддүния мəзрəғəтул- ахирет»[147] дегендей, ахиретке егіңдік болатын дүние сол.
Əрбір ғалым — хаким емес, əрбір хаким — ғалым.
Ғалымдарының нақлиясы бірлəн мұсылман иман тақлиди[148] кесіп қылады. Хакимдердің ғақлияты бірлəн жетсе, иман яқини[149] болады.
Бұл хакимдерден мұрад — мұсылман хакимдері, болмаса ғайри діннің хакимдері,— əгəрше «фатлүбни тəжидуни»[150] делінсе де, дүниенің һəм Адам ұғлы өмірінің сырына жетсе де, діннің хақ мағрифатына жете алмағандар.

Бұлардың көбі — иманның жеті шартынан, бір Алланы танымақтан ғайри, яғни алтауына кімі күмəнді, кімі мүнкір[151] болып, тахқиқлай алмағандар. Егер бұлар дін ұстазымыз емес болса да, дінде басшымыз Құдайдың елшісі Пайғамбарымыздың хадис шарифі, «хайру н-нас мəн йанфағу н-нас»[152] деген. Бұл хакимдер ұйқы, тыныштық, əуес-қызықтың бəрін қойып, Адам баласына пайдалы іс шығармақлығына яғни, электрді тауып аспаннан жайды бұрып алып, дүниенің бір шетінен қазір жауап алып тұрып, от пен суға қайласын тауып, мың адам қыла алмастай қызметтер істетіп койып тұргандығы,
уа хұсусан[153] адам баласының ақыл-пікірін ұстартып, хақ бірлəн батылдықты айырмақты үйреткендігі — баршасы нəфиғлық[154] болған соң, біздің оларға міндеткерлерімізге дағуа жоқ.

Бұл заманның моллалары хаким атына дұшпан болады. Бұлары білімсіздік, бəлки бұзық фиғыл, «əлинсан ғəддү лəма жəһилгə» [155] хисап. Олардың шəкірттерінің көбі біраз ғараб-парсыдан тіл үйренсе, бірлі-жарым болымсыз сөз бахас үйренсе, соған мəз болып, өзіне өзгешелік беремін деп əуре болып, жұртқа пайдасы тимек түгіл, түрлі-түрлі зарарлар хасил қылады. «Һай-һой!» менен, мақтанменен қауымды адастырып бітіреді. Бұлардың көбі əншейін жəһил[156] түгіл, жəһиллар кібік[157] талап болса, қайда хақ сөздер келсе, қазір инсапқа қайтсын һəм ғибраттанасың. Рас сөзге ор қазып, тор жасамақ не деген инсап, құры өзімшілдік һəм һəрбір өзімшілдік — əрбір адамды бұзатын фиғыл.

101 Тəңірдің ісі
102 (ар. تفكّر فعال الله ) – Құдайдың бергеніне ой жібер
103 (ар. انّ الله یحبّ المقسطین ) – шынында Құдай əділ адамдарды сүйеді
104 адамдарға жақсы іс істе деп бұйырыңыз жəне жақсылық етіңіз, өйткені Құдай жақсылыққа тартушыларды сүйеді
105 сондай адамдар бар, Құдайға иман келтіреді, жақсы істер істейді, ондайлардың орны мəңгі ұжмақта
106 ізгі амал
107 бірақ сондай адамдар бар, Құдайға иман келтіреді, жақсы істер істейді, сөйтіп міндетін атқарады, өйткені Құдай
залымдарды сүймейді
108 қарсы
109 əділдікті жоғарылату
110 кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ
111 араласу, қатынасу
112 пейіл, мінез
113 Жаратушысына
114 шүкір, ырзалық
115 қалайда, əйтеуір
116 жайсыз, қолайсыз
117 талабың
118 адамгершілігің
119 шын, шындық
120 ізгілік
121 шама
122 реттеу, пайдаға асыру
123 түзу ниет
124 ахиреттік
125 (ар. هو ) –»Ол»: «Құдай» деген мағынасындағы зікір
126 сопылыққа
127 арам, тыйым салынған
128 жиреніштік
129 тыныштылық, рақатшылық
130 байлық, дəулет иесі; бұл жерде Құдайдың бергеніне деген мағынада
131 дүниеден безген
132 Мұхаммет Пайғамбар (С.А.Ғ.С) дың тірі күнінде сендер жұмаққа кіреді деп уəде берілген он сахаба
133 сараңдық
134 əуестену
135 тілек, мақсат, арман
136 сирек, аз кездесетін
137 бұзықтық
138 білуде, тануда
139 сыртқы ғылым
140 негізделген
141 Құдайдың шеберлігінен
142 Жаратушы, Істеуші
143 сүюші, сүйгені
144 байланыссыз
145 адамның ісі
146 шығару, істеу, ойлау
147 дүние ахиреттің егіні
148 біреуге еріп келтірілген иман
149 шын иман
150 талап қылсаң табасың
151 сенбеу, қарсы болу
152 (ар. خیر الناس من ینفع الناس ) – адамның жақсысы – адамдарға пайда келтіруші
153 əсіресе
154 пайда беруші
155 адамның көңілі жамандыққа ауып тұрады

Отыз Сегізінші Сөз (3 б.)