Слово Двадцать Четвертое

Жиырма Төртінші Сөз
Осы күңде жер жүзінде екі мың миллионнан көп артық адам бар, екі миллион(*) қазақ бар.
Біздің қазақтың достығы, дүшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, енер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды. Бірімізді-біріміз аңдып, ұрлап, кірпік қақтырмай отырғанымыз.
Үш миллионнан халқы артық дүниеде бір қала да бар, дүниенің бас-аяғын үш айналып көрген кісі толып жатыр.
Өстіп, жер жүзіндегі жұрттың қоры болып, бірімізді-біріміз аңдып өтеміз бе? Жоқ, қазақ ортасында да ұрлық, өтірік, өсек, қастық қалып, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістерлік күн болар ма екен?
Əй, не болсын! Жүз қараға екі жүз кісі сұғын қадап жүр ғой, бірін-бірі құртпай, құрымай тыныш таба ма?

(*) — Бұл жерде Абай шамамен айтып отыр. Абай тұсында, 1897 жылы жүргізілген халық санағы бойынша, Ресей империясы шегінде тұратын қазақтардың жалпы саны 4 миллион 84 мың болған (Я. Е. Володарский. Население России за 400 лет. ХҮІ-ХХ начало вв. М. 1973, с. 111).

=====================================================================
Говорят, нынче на земле живет более двух миллиардов человек. Из них нас, казахов, более двух миллионов(*).
Казахи, не сходны ни с одним другим народом в своем стремлении к богатству, в поисках знаний, постижении искусства, в проявлении чувства доброжелательности, силы, хвастовства или враждебности.
Мы враждуем, разоряем друг друга, следим друг за другом, не давая ближнему своему и глазом моргнуть.
Есть на свете города с численностью жителей более трех миллионов. Есть на свете люди, которые трижды обошли шар земной.
Неужели нам так и жить, подстерегая друг друга, оставаясь ничтожнейшими из всех народов на земле? Или все-таки наступят светлые дни, когда люди забудут воровство, обман, злословие, вражду и устремятся к знаниям, обучатся ремеслу, начнут добывать богатства честным, достойным
путем.
Вряд ли наступят такие дни. Сейчас на каждые сто голов скота зарятся двести человек. Разве они утихомирятся, пока не уничтожат друг друга?

(*) — Абай приводит здесь неточные цифры, по итогам переписи населения 1897 года казахов, проживающих в областях,
сопредельных с Российской империей, насчитывалось 4 млн. 84 тыс. (Я. Е. Володарский, Население России за 400 лет. XVI – XX вв. М., 1973, с. ІІІ)