Слово Семнадцатое

Он Жетінші Сөз
Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымга
жүгініпті.
Қайрат айтыпты: Ей, ғылым, өзің білесің ғой, дүниеде еш нəрсе менсіз кəмелетке жетпейтұғының; əуел өзіңді білуге, ерінбей, жалықпай үйрену керек, ол менің ісім, Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей, жалықпай орнына келтірмек те — менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр, мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нəрсеге үйір
қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнəкəрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен,
нəфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?— депті.

Ақыл айтыпты: Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын — мен, сенің сөзіңді ұгатұғын — мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?— депті.

Онан соң жүрек айтыпты:
Мен — адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тіршілік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күйжəйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, тесегінде дөңбекшітетұғын — мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратын — мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп,
еритұғын — мен, жаманшылықтан жиреніп, тулап кететұғын — мен, əділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нəрселердің бəрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?— депті.

Сонда ғылым бұ үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты:
— Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бəрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамаңдықты берік ұстап кетесің, соның жаман,— депті.

— Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бəрі де рас. Сенсіз еш нəрсе
табылмайтұғыны да рас. Жаратқан Тəңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да — бəрі сенен шығады. Жақсының, жаманның — екеуінің де сүйенгені сен; екеуінің де іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман,— депті.
— Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ — менің ісім,— депті. Бірақ сонда
билеуші, əмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді: Жақсылық айтқанына жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады. Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бəрін жүрекке билет, — деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен.
Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының
топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам сол.
Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым.
Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, Құдай Тағала қалпыңа əрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы, — депті.

============================================
Слово Семнадцатое
Воля, Разум и Сердце обратились однажды к Науке, чтоб разрешить спор: кто из них важнее.
Воля сказала: «Эй, Наука, ты ведь знаешь, без меня ничто не достигает совершенства: чтобы познать тебя, надо упорно учиться, а без меня этого не сделать; служить Всевышнему, поклоняясь ему, не ведая покоя, можно только с моей помощью. Нельзя, если меня нет, добиться в жизни богатства, мастерства, уважения, карьеры. Разве не я оберегаю людей от мелких страстей и держу их в узде, не я ли предостерегаю их от греха, зависти, соблазнов, не я ли помогаю им собраться и в последнюю минуту удержаться на грани пропасти? Как могут спорить со мной эти двое?»

Разум сказал: «Только я способен распознать, какое из твоих слов полезно и какое пагубно, будь то в земной или загробной жизни. Только мне дано постигнуть твой язык. Без меня не избегнуть зла, не найти выгоды, не постичь знаний. Почему эти двое спорят со мной? На что они годятся без меня?»

Сердце сказало: «Я — владыка человеческого тела. Кровь идет из меня, душа обитает во мне, без меня жизнь немыслима. Я лишаю сна, заставляю ворочаться тех, кто лежит в мягкой постели, вынуждаю их думать о бедных, не имеющих крова, мерзнущих и голодающих. По моей воле младшие почитают взрослых и снисходительны к меньшим. Но люди не стараются сберечь меня в чистоте и от этого страдают сами. Будь я чистым, не стал бы я
делать различия между людьми. Я восторгаюсь добродетелью, я восстаю против зла и насилия. Самолюбие, совесть, милосердие, доброта — все исходит от меня. На что годятся эти двое без меня? Как они смеют спорить со мной?»

Выслушав их, Наука ответила:
«Воля, ты все верно сказала. В тебе еще много достоинств, о которых ты не упомянула. Ничего нельзя достигнуть без твоего участия. Но ведь в тебе таится и жестокость, равная твоей силе. Ты тверда в служении добру, но не меньшую твердость проявляешь и в служении злу. Вот что плохо в тебе.

Разум! И ты прав. Без тебя невозможно добиться в жизни чего-либо. Благодаря тебе мы узнаем о создателе, посвящены в тайны двух миров. Но это не предел твоих возможностей. Лукавство и коварство тоже творения твоих рук. И добрый, и злой опираются на тебя, ты верно служишь и тому, и другому. Вот в чем твой изъян.

Моя задача — помирить вас. Хорошо бы повелителем и вершителем в этом споре явилось Сердце.
Разум! У тебя множество путей-тропинок. Сердце не может следовать по каждой из них. Оно не только радуется твоим добрым замыслам, но и сопутствует тебе в них с охотою. Но оно не последует за тобой, если ты замыслил недоброе, и даже отстранится от тебя с брезгливостью.

Воля! В тебе много силы и мужества, но и тебя Сердце способно удержать. Оно не станет препятствовать в деле благоразумном, но в деле ненужном повяжет тебя по рукам.
Вам следует объединиться и во всем повиноваться Сердцу. Если вы все трое мирно уживетесь в одном человеке, то прахом с его ног можно будет исцелять незрячих. Не найдете согласия, я отдам предпочтение Сердцу.

Береги в себе человечность. Всевышний судит о нас по этому признаку. Так сказано и в писаниях,» — сказала Наука.