Слово 3 – третье. Слова назидания

 Үшінші Сөз
Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұгынының, рас сөзі аз болатұгынының, қызметке таласқыш болатұгынының, өздерінің жалқау болатұгынының себебі не?
Һəмма ғаламға белгілі данышпандар əлдеқашан байқаған: əрбір жалқау кісі — қорқақ, қайратсыз тартады, əрбір қайратсыз — қорқақ, мақтанғыш келеді; əрбір мақтаншақ — қорқақ, ақылсыз, надан келеді: əрбір ақылсыз — надан, арсыз келеді; əрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады.
Мұның бəрі төрт аяқты малды көбейтеміннен басқа ойының жоқтығынан; өзге егін, сауда, өнер, ғылым секілді нəрселерге салынса, бұлай болмас еді.

Əрбір мал іздеген малым көп болса, өзімдікі де, балаларым да малды болса екен дейді.
Ол мал көбейсе малшыларға бақтырмақ, өздері етке, қымызга тойып, сұлуды жайлап, жүйрікті байлап отырмақ. Қыстауы тарлық қылса, арызы жеткендік, сыйы өткендік, барлық қызметімен біреудің қыстауын сатып алмақ, ептеп алмақ, тартып алмақ. Ол қыстауынан айрылған жəне біреуге тиіспек, я болмаса орынсыздығынан елден кетпек, əр қазақтың ойы осы. Осылар біріне бірі достық ойлай ала ма? Кедей көп болса, ақысы кем болар еді, малдан айрылғандар көбейсе, қыстауы босар еді деп, мен ананы кедей болса екен деп, ол мені кедей болса екен деп, əуелде ішімізбен қас сағындық.
Əрберден соң сыртымызға шықты, жауластық, дауластық, партияластық.

Осындай қастарға сөзім өтімді болсын жəне де ептеп мал жиюга күшім жетімді болсын деп, қызметке, болыстық, билікке таластық.

Сонан соң не момынның баласы бөтен жаққа шығып, еңбек қылып, мал іздемейді, егін, сауданың керегі жоқ болады. Өз басын өзі осындай таласпенен кісі көбейтеміз деп партия жиғандардың бүгін біреуіне, ертең біреуіне кезекпен сатады да жүреді.

Ұрылар тыйылмайды. Ел тыныш болса, оның ұрлыгын ешкім сүйемес еді.

Ел екі жар болған соң, кім ант ішіп ақтап, арамдығын жақтап сүйеймін десе, соған жақ болып сүйеніп, бұрынғыдан ұрлығын əлденеше есе асырады. Елдегі жақсы адамдардың бəрінің үстінен бекер, өтірік “шапты, талады” деген əр түрлі уголовный іс көрсетіп, арыз береді. Оған дознание — тергеу шығарады. Өтірік, көрмегенін көрдім деуші куəлар да əлдеқашан дайындап қойылған, бағанағы жақсы адам сайлауға жарамасы үшін, ол адам басын құтқармақ үшін жамандарга жалынса, оның да адамдығының кеткені, егер жалынбаса, тергеулі, сотты адам болып, ешбір қызметке жарамай, басы қатерге түсіп өткені.
Ол болыс болғандар өзі қулық, арамдықпенен болыстыққа жеткен соң, момынды қадірлемейді, өзіндей арам, қуларды қадірлейді, өзіме дос болып, жəрдемі тиеді деп, егер қас болса, бір түрлі өзіме де залал жасауға қолынан келеді деп.
Осы күнде қазақ ішінде “ісі білмес, кісі білер” деген мақал шықты. Оның мəнісі: “ісіңнің түзулігінен жетпессің, кісіңнің амалшы, айлалығынан жетерсің” деген сөз.

Үш жылға болыс сайланады. Əуелгі жылы: “Сені біз сайламадық па?”— деп елдің бұлданғандығымен күні өтеді. Екінші жылы кандидатпенен аңдысып күні етеді. Үшінші жылы сайлауға жақындап, тағы болыс болып қаларға мүмкін болар ма екен деп күні өтеді. Енді несі қалды?

Осы қазақ халқынық осындай бұзықшылыққа тартып, жылдан жылға төмендеп бара жатқанын көрген соң, менің ойыма келді: Халықтық болыстыққа сайлаймын деген кісісі пəлен қадəрлі орысша образование алған кісі болсын.
Егер де орталарында ондай кісісі жоқ болса, яки бар болса да сайламаса, уезный начальник бірлəн военный губернатордың назначениесі6 бірлəн болады десе, бұл халыққа бек пайдалы болар еді. Аның себебі: əуелі қызметқұмар қазақ балаларына образование беруге ол да — пайдалы іс, екінші — назначение бірлəн болган болыстар халыққа міндетті болмас еді, ұлықтарға міндетті болар еді.

Уа жəне назначение қылғанда тергеуі, сұрауы барлығына қарамаса, өтірік арыз берушілер азаяр еді, бəлки жоғалар еді. Уа жəне əрбір болыс елде старшина басы бір би сайланғандық, бұл халыққа көп залал болғандығы көрініп, сыналып білінді. Бұл билік деген біздің қазақ ішінде əрбір сайланған кісінің қолынан келмейді. Бұған бұрынғы Қасым ханның “Қасқа жолы”, Есім ханның “Ескі жолын”, Əз Тəуке ханның “Күл төбенің басында күнде кеңес” болғанда “Жеті жаргысын” білмек керек. Əм, ол ескі сөздердің қайсысы заман өзгергендікпенен ескіріп, бұл жаңа заманға келіспейтұғын болса, оның орнына татымды толық билік шығарып, төлеу саларға жарарлық кісі болса керек еді, ондай кісі аз, яки тіпті жоқ.

Бұрынғы қазақ жайын жақсы білген адамдар айтыпты: “Би екеу болса, дау төртеу болады” деп. Оның мəнісі — тақ болмаса, жүп билер таласып, дау көбейте береді дегенмен айтылған сөз. Өйтіп би көбейткенше, əрбір болыс елден толымды-білімді үш-ақ кісі билікке жыл кесілмей сайланса, олар түссе, жаманшылығы əшкере білінгендікпенен түссе, əйтпесе түспесе. Ол билерге даугер адамдар қарамай, екеуі екі кісіні билікке таңдап алып, үстіне біреуді посредникке сайлап алып, біте берсе, егер оған да ынтымақтаса алмаса, бағанағы үш бидің біреуін алып, яки жеребемен сайлап алып жүгінсе, соңда дау ұзамай бітім болар еді.
Слово Третье
В чем кроется причина разрозненности казахов, их неприязни и недоброжелательности друг к другу? Отчего слова их неискренни, а сами они ленивы и одержимы властолюбием?

Мудрые мира давно заметили: человек ленивый бывает, как правило, труслив и безволен, безвольный — труслив и хвастлив; хвастливый — труслив, глуп и невежествен; глупый невежествен и не имеет понятия о чести, а бесчестный побирается у лентяя, ненасытен, необуздан, бездарен, не желает добра окружающим.

Пороки эти оттого, что люди озабочены только одним — как можно больше завести скота и стяжать тем самым почет у окружающих. Когда б они занялись земледелием, торговлей, стремились к науке и искусству, не произошло бы этого.
Родители, умножив свои стада, хлопочут о том, как бы стада у их детей стали еще тучнее, чтобы передать заботу о стадах пастухам, а самим вести праздную жизнь — досыта есть мясо, пить кумыс, наслаждаться красавицами да любоваться скакунами.

В конце концов их зимовья и пастбища становятся тесными, тогда они, употребив силу своего влияния или занимаемого положения, всеми доступными для них средствами выкупают, выманивают или отнимают угодья соседа. Этот, обобранный, притесняет другого соседа или вынужденно покидает родные места.
Могут ли эти люди желать друг другу добра? Чем больше бедноты, тем дешевле их труд. Чем больше обездоленных, тем больше свободных зимовий.

slovo_tretie

Он ждет моего разорения, я жду, когда он обнищает. Постепенно наша скрытая неприязнь друг к другу перерастает в открытую, непримиримую вражду, мы злобствуем, судимся, делимся на партии, подкупаем влиятельных сторонников, чтобы иметь преимущество перед противниками, деремся за чины.

Потерпевший не будет трудиться, добиваясь достатка иным способом, ни торговля, ни землепашество не интересуют его, он будет примыкать то к одной, то к другой партии, продавая себя, прозябая в нищете и бесчестии.
Воровство в степи не прекращается. Будь в народе единство, не стали бы люди мирволить вору, который, ловко пользуясь поддержкой той или иной группировки, только усиливает свой разбой.

Над честными сынами степи чинятся уголовные дела пол ложным доносам, проводятся унизительные дознания, загодя находятся свидетели, готовые подтвердить то, чего не видели и не слышали. И все ради того, чтобы опорочить честного человека, не допустить его к выборам на высокие должности. Если гонимому ради своего спасения приходится обращаться за помощью к тем же негодяям, он поступается своей честью, если не идет к ним на поклон — значит быть ему несправедливо судимому, терпеть лишения и невзгоды, не находя в жизни достойного места и дела.

Достигнув власти хитростью и обманом, волостные не замечают тихих и скромных, а стараются наладить отношения с людьми, подобными себе — увертливыми и ухватистыми, рассчитывая на их поддержку а пуще всего опасаясь их вражды.
Сейчас в обиходе новая пословица: «Не суть дела, суть личности важна». Значит, добиться намеченного можно не правотою предпринятого дела, а ловкостью и хитроумием исполнителя его.

Волостные избираются сроком на три года. Первый год их правления проходит в выслушивании обид и упреков: “Не мы ли тебя выдвигали?”

Второй год уходит на борьбу с будущими соперниками. И третий — в предвыборных хлопотах, чтобы снова быть избранным. Что остается? Наблюдая, как народ чем дальше, тем больше погрязает в распрях, я пришел к выводу: в волостные нужно избирать людей, которые получили пусть небольшое, но русское образование. Если таковых нет или есть, но их не хотят выдвигать, пусть волостные назначаются уездным начальством и военным губернатором. Это было бы полезно во многих отношениях, Во-первых, тщеславные казахи стали бы отдавать детей на обучение; во-вторых, волостные не зависели бы от прихоти местной знати, а подчинялись бы только высшему начальству. Дабы не плодить неизбежные доносы и кляузы и не давать им ходу, следовало бы оградить назначаемого от всяческих проверок и испытаний.

Мы имели возможность убедиться в бесполезности выборов биев-судей в каждой волости. Не всякому под силу вершить правосудие. Чтобы держать совет, как говорится, на «вершине Культобе», необходимо знать своды законов, доставшихся нам от предков,-«светлый путь» Касым-хана, «ветхий путь» Есим-хана, «семь канонов» Аз Тауке-хана. Но и они устарели со временем, требуют изменений и непогрешимых вершителей, коих в народе мало, а то и вовсе нет. Люди, хорошо знающие казахов, говорили: «Если биев двое, то споров четыре». Отсутствие верховного судьи и четное число биев только усложняет решение споров. Зачем наращивать количество биев? Не лучше ли выбрать из каждой волости по три образованных и толковых человека, не определяя срока их пребывания на посту, и смещать только тех, кто обнаружит себя в неблаговидных делах.

Пусть бы споры решались двумя судьями и посредником, выбранным истцами. И только не сыскав истины у этих людей, не придя к мировой, спорящие обращались бы к одному из трех постоянных судей. Тогда бы суды не затягивались.

Слово Четвертое