Слово Тридцать девятое. Слова назидания

Отыз Тоғызыншы Сөз
Рас, бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан білімі, күтімі, сыпайылығы, тазалыгы төмен болған, бірақ бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ендігі жұрт ата-бабаларымыздың мінді ісін бір-бірлеп тастап келеміз, əлгі екі мінезін біржола жоғалтып алдық. Осы күнгілер өзге мінезге осы өрмелеп ілгері бара жатқанына қарай, сол аталарымыздың екі ғана тəуір мінезін жоғалтпай тұрсақ, біз де ел қатарына кірер едік, мінез жоқ болған соң, əлгі үйренген өнеріміздің бəрі де адамшылыққа ұқсамайды, сайтандыққа тартып барады. Жұрттықтан кетіп бара жатқанымыздың бір үлкен себебі сол көрінеді.

Ол екі мінезі қайсы десең, əуелі — ол замаңда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен. Көші-қонды болса, дау-жанжалды болса, билік соларда болады екен. Өзге қара жұрт жақсы-жаман өздерінің шаруасымен жүре береді екен. Ол ел басы, топ басылары қалай қылса, қалай бітірсе, халықта оны сынамақ, бірден-бірге жүгірмек болмайды екен. “Қой асығын қолыңа ал, қолайыңа жақса, сақа қой”, “Бас-басыңа би болсаң, манар тауға сыймассың, басалқаңыз бар болса, жанған отқа күймессің” деп, мал айтып тілеу қылып, екі тізгін, бір шылбырды бердік саған, берген соң, қайтып бұзылмақ түгіл, жетпегеніңді жетілтемін деп, жамандығын жасырып, жақсылығын асырамын деп тырысады екен. Оны зор тұтып, əулие тұтып, онан соң жаксылары да көп азбайды екен. Бəрі өз бауры, бəрі оз малы болған соң, шыныменен жетесінде жоқ болмаса, солардың қамын жемей қайтеді?

Екіншісі — намысқор келеді екен. Ат аталып, аруақ шақырылған жерде ағайынға, өкпе, араздыққа қарамайды екен, жанын салысады екен. “Өзіне ар тұтқан жаттан зар тұтады” деп, “Аз араздықты қуған көп пайдасын кетірер” деп, “Ағайынның азары болса да, безері болмайды” деп, “Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді” десіп, “Жол қуған казынаға жолығар, дау қуған бəлеге жолығар” десіп.

Кəнеки, енді осы екі мінез қайда? Бұлар да арлылық, намыстылық, табандылықтан келеді. Бұлардан айрылдық. Ендігілердің достығы — бейіл емес, алдау, дұшпандығы — кейіс емес, не күңдестік, не тыныш отыра алмағандық.

=========================================
Да, безусловно, наши предки уступали теперешним людям в образованности, учтивости, ухоженности и опрятности. Но обладали они двумя достоинствами, которых у нас теперь нет.

Изживая в себе недостатки, доставшиеся нам от предков, мы растеряли эти достоинства. Если бы мы имели в характере своем решимость и усилия, направленные на приобретение новых качеств приложили к тому, чтобы сохранить старые, возможно, мы встали бы в ряд с другими народами.

Поскольку нет решимости характера, вновь приобретенное более благоприятствует развитию в нас свойств демонических, нежели человеческих. Это — есть одна из серьезных причин утраты нами национальных достоинств.

О каких качествах мы говорим? В стародавние времена были люди, которые звались «ел басы», «топ басы». Они решали споры, управляли жизнью общества. Простой народ, худо-бедно, занимался своими делами. Не принято было оспаривать решения «ел басы» и «топ басы» или бегать от одного к другому. Говорят: «Возьми альчик, если он удобен для твоей руки, сделай из него биту». «Когда каждый сам себе бий, не ужиться и на бескрайних просторах, когда есть глава общины, не сгореть и в огне». Люди, признав эту истину, приносили жертву святым духам, и помолясь, отдавали бразды правления всеобщему избраннику и впредь старались поддерживать во всем, скрывая его недостатки и славя достоинства. Относились к нему с должным почтением, слушались и неукоснительно повиновались, тогда и влиятельные лица не переступали пределов благоразумия. Как им было не заботиться о людях, когда все были братьями, и достояние у них было общее?

И второе — люди свято берегли и дорожили единством. Стоило кому-то призвать на помощь других, упомянув при этом имена предков, как все бросались на выручку, забыв обо всех обидах к раздорах, охотно шли на уступки и жертвы. Говорили тогда в народе:

«Кто не умеет простить вины ближнего, того чужой обидит».
«Братья ссорятся, но не отрекаются друг от друга».
«Если шестеро погрязли в раздорах, потеряют то, что в руках, если четверо пребывают в согласии, на них небесная благодать нисходит».
«Кто ищет верного пути, находит казну, кто ищет раздоров, находит беду».
Где теперь этот благородный дух общности и радение о чести?
Они были обеспечены людской стойкостью, совестливостью, доблестью. Мы лишились их.
У теперешних дружба — не дружелюбие, а вероломное коварство.

Қырқыншы Сөз