Слово 31- тридцать первое. Слова назидания

Отыз Бірінші Сөз
Естіген нəрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар:
əуелі — көкірегі байлаулы берік болмақ керек;
екінші — сол нəрсені естігенде я көргенде ғибрəтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек;
үшінші — сол нəрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек;
төртінші — ой кеселді нəрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек.
Ой кеселдері: уайымсыз, салғыртық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нəрсеге құмарлық пайда болу. Бұл төрт нəрсе — күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нəрселер.

=============================================================
Существует четыре причины, способствующие восприятию и запоминанию услышанного:

  • во-первых, нужно утвердиться духовно и быть непреклонным;
  • во-вторых, слушать советы умных людей со вниманием и открытым сердцем, с готовностью и желанием уяснить смысл сказанного;
  • в-третьих, вдумчиво, неоднократно повторять про себя эти слова, и закреплять их в памяти;
  • в-четвертых, следует избегать вредных свойств ума, если даже придется подвергнуться искушениям этими силами, не поддаваться им.

Вредные свойства ума: беспечность, равнодушие, склонность к беспричинному веселью, тяга к мрачным раздумьям и губительным страстям.
Вот эти четыре порока способы разрушить и ум, и талант.