Слово Тридцать Пятое

Отыз Бесінші Сөз

Махшарға барғанда Құдай Тағала қажы, молда, сопы, жомарт, шейіттерді қатар қойып, сұрар дейді. Дүниеде ғиззат-хұрмет алмақ үшін, қажы болмақ үшін қажы болғаңды, молда болғанды, сопы болғанды, жомарт болғанды, шейіт болғандарды бір бөлек қояр дейді. Ахиретке бола бір ғана Құдай Тағаланың разылығын таппақ үшін болғандарды бір бөлек қояр дейді.

Дүние үшін болғандарға айтар дейді: «Сендер дүниеде қажеке, молдеке, сопеке, мырзеке, батыреке аталмақ үшін өнер қылып едіңдер, ол дүниең мұнда жоқ. Сендердің ол қызықты дүниең харап болған сонымен бірге қылған өнерлерің де бітті. Енді мұнда құрмет алмақ түгіл, сұрау беріңдер! Мал бердім, өмір бердім, не үшін сол малдарыңды, өмірлеріңді, бетіңе ахиретті ұстап, ден ниетің дүниеде тұрып, жұртты алдамақ үшін сарып қылыңдар?»— деп. Əне шын ниетімнен орнын тауып, бір Құдайдың разылығы үшін өнер қылғандарға айтар дейді: «Сендер бір ғана менің разылығымды іздеп малдарыңды, өмірлеріңді сарып қылып едіңдер, мен разы болдым. Сіздерге лайықты құрметті орным бар, дайын, кіріңдер! Һəм ол разылықтарыңнан басқа осы махшар ішінде, сендердің осы қылғаныңа өзі қылмаса да, іші еріп ынтық болған достарың табылса, шафағат қылыңдар!» деп айтар дейді.

=============================================

Призвав к Суду ходжей, суфиев, мулл, жомартов [16] и сеидов, Всевышний строго спросит с них. Поставит отдельно тех, кто был ходжой, суфием, муллой, жомартом и сеидом, но служил и был благотворителен при жизни лишь ради того, чтобы жить в почете и пользоваться всеми благами. И поставит отдельно тех, кто служили ради служения Аллаху, старался быть угодным ему. И скажет тем, кто возносил ему хвалу из корысти: «Вы при жизни служили ради того, чтобы к вам обращались уважительно — софеке, ходжеке, молдеке, мырзеке. Здесь этого не будет. Ваша счастливая жизнь кончилась, кончилась ваша власть над людьми. Здесь вы не то что почитаемы будете, а наоборот, спросится с вас за все. За все придется отвечать! Я дал вам жизнь, наделил богатством. Вы же использовали это для наживы, обманывали людей, прикрываясь заботой о потустороннем мире».

Тем же, кто старался честно служить, он скажет: «Вы жизнью своей и всеми делами старались угодить мне. Я доволен вами. Для вас мной уготовано место почетное, проходите же! Возможно, здесь вы встретите друзей и тех, кому делали добро, или тех, кто содействовал вашим добрым намерениям. Радуйтесь же!»

[16] — Жомарт – щедрый, занимающийся благотворительностью