Слово 30 – тридцатое. Слова назидания

Отызыншы Сөз
Қырқын мінсе қыр артылмайтұғын осы бір “қырт мақтан” деген бір мақтан бар, сол неге керек, неге жарайды? Ол ар, есті білмейді, намысты білмейді, кең толғау, үлкен ой жоқ, не балуандығы жоқ, не батырлығы жоқ, не адамдығы жоқ, не ақылдығы, арлылығы жоқ.

Мойнын бұрып қойып: “Өй, Тəңірі-ай, қойшы əрі, кімнен кім артық дейсің, кімнің басы кімнің қанжығасында жүр, ол менің қазаныма ас салып беріп жүр ме, мен онан сауын сауып отырмын ба”— деп бұлғақтап, немесе: “аяғаным жаным ба? Өй, енесін ұрайын, өліп кетпей неге керек! Азар болса атылып, я
осы үшін айдалып кетсем де көнгенім-ақ! Əйтеуір бір өлім бар ма” деп қалшылдайтұғын кісі көп қой.
Өздерің көріп жүрсіңдер, осы айтқан сөз бойына лайық қазақ көрдіңдер ме?

Өлімге шыдайтұғын қазақ көргенім жоқ, елімге шыдамаймын деген де қазақ көргенім жоқ, кеңірдегін ғана көрсетеді-ау “қиылып қала қалайын” деп. Егер осы сөз бойына лайық кісі көрінсе, ақылы жоқ болса да,
қайратыменен-ақ кісі айдындыратұғын адам болғаны ғой! Егер шын айғайды көргенде, кірер жерін таба алмайтұғын дарақы жұртты осы сөзімен айдындырамын, “мына кəпірден кісі шошитұғын екен” дегізіп айдындырайын деп айтып отырған құр домбытпасы болып, босқа коқиып отырса, соны не дейміз?

Ай, Құдай-ай! Жанға мырза қылатұғын, ердің жадағайда-ақ сертке тұрғыштығы, малға мырзалығы, дүниені бір тиын есеп көрмейтұғыны, жомарттығы — əр түрлі белгісі бойында түрмас па еді?
“Ұялмас бетке талмас жақ береді” деп, көп былжыраған арсыз, ұятсыздың бірі-дағы.

===================================================================

Бытует у нас так называемое «болтливые хвастуны». На сорока из них не уедешь дальше аула. На что они годятся? Кому какая польза от них? Нет у них ни здравого ума, ни самолюбия, ни широты взглядов, ни глубокого мышления, не отличаются они ни силой, ни доблестью, ни человечностью, ни
совестливостью.

Бросит иной из них небрежно через плечо: «Ах, оставьте! Кто кого лучше?
Чья голова, думаете, приторочена к чужому седлу? Разве он кладет мясо в мой котел или дает мне дойный скот?» Или вскинется с отчаянной решимостью: «Мне ли жизнь свою щадить? Да чего она стоит? Ради благородного дела готов хоть под пули, хоть в ссылку. Все одно смерти не миновать!»

Встречался вам когда-нибудь казах, действующий в соответствии с подобными словами? Я не видел среди них смирившихся перед властью смерти, но ведь они никогда не выкажут и страха перед ней. При случае любой из них с жертвенной готовностью рассечет себе горло ладонью: «Да быть мне зарезанным на месте!»

Когда б эти слова были искренни, их хозяин мог бы сразить нас если не умом, так неслыханной храбростью. Но как нам назвать того, чья угроза рассчитана на трусов, от страха готовых забраться в любую щель при серьезных стычках? Если это всего-навсего напускная отвага, с помощью которой он добивается признания малодушных: «Уж больно страшен гнев этого кафира!»?
Бог мой! Будь он прекрасен душой, щедр и бескорыстен, смел и верен слову, разве не угадывались бы эти достоинства по одному его виду?!
А этот один из тех нечестивцев, о которых говорят: «Бесстыжему лицу и челюсти неуемные даны».