Слово 13 – тринадцатое. Слова назидания

Он Үшінші Сөз
Иман деген — Алла Табарака уатағаланың (11) шəриксіз(12), ғайыпсыз бірлігіне,барлығына уа һəр неге бізге Пайғамбарымыз саллала Аллаһу ғалайһи уа саллам(13) арқылы жіберген жарлығына, білдіргеніне мойын сұнып, инанмақ.
Енді бұл иман дерлік инануға екі түрлі нəрсе керек.
Əуел не нəрсеге иман келтірсе, соның хақтығына ақылы бірлəн дəлел жүргізерлік болып ақылы дəлел испат(14) қыларга жараса, мұны яқини иман(15) десек керек.
Екінші — кітаптан оқу бірлəн яки молдалардан есту бірлəн иман келтіріп, сол иман келтірген нəрсесіне соншалық беріктік керек. Біреу өлтіремін деп қорқытса да, мың кісі мың түрлі іс көрсетсе де, соған айнып көңілі қазғалмастай берік боларға керек. Бүл иманды иман тақлиди(16) дейміз.
Енді мұндай иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек екен. Яқини иманы бар деуге ғылымы жоқ, тақлиди иманы бар деуге беріктігі жоқ, я алдағанға, я азғырғанға, я бір пайдаланғанға қарап, ақты қара деп, я қараны ақ деп, я өтірікті шын деп ант ететұғын кісіні не дейміз? Құдай Тағала өзі сақтасын. Уа əрнешік білмек керек, жоғарғы жазылмыш екі түрліден
басқа иман жоқ. Иманға қарсы келерлік орында ешбір пенде Құдай Тағала кеңшілігімен кешеді-дағы демесін, аның үшін Құдай Тағаланың ғафуына , яки Пайғамбарымыздың шафағатына сыймайды уа мүмкін де емес. “Қылыш арасында серт жоқ” деген жалған мақалды қуат көрген мұндай пенденің жүзі құрысын.
===================================
11- (ар. ﻰﻟﺎﻌﺗو كﺮﺒﺗ ﷲا) – Ұлы Тəңірі, күшті Құдай
12 -серіктессіз
13- (ар. ﻢّﻠﺳو ﻪﯿﻠﻋ ﷲا ﻰّﻠﺻ) – Оған Алланың сəлемі мен рақметі болсын деген сөз
14- (ар. تﺎﺒﺛإ) – іспет, дəлел
15 -(ар. ﯽﻨﯿﻘﯾ) – шын иман
16 -(ар. ىﺪﯿﻠﻘﺗ) – дəстүрлі сенім

Слово Тринадцатое
Иман — есть незыблемая вера в единого и всемогущего создателя, о бытии и существовании которого дано нам знать из посланий через его пророка, да благословит Аллах его имя.

Существует двоякий путь верования.
Одни принимают веру, убедившись в ее необходимости и справедливости, укрепляют ее в себе разумными доводами. Эту веру мы называем «якини иман» (5).
Другие веруют, черпая познания из книг и со слов муллы. Этим людям требуется особая приверженность к предмету своей веры, твердость духа, дабы выстоять перед соблазнами тысячи искусителей и не дрогнуть даже перед лицом смерти. Это есть «таклиди иман» (6).
Чтобы сохранить в себе иман, необходимо иметь отважное сердце, твердую волю, уверенность в своих силах.

onushinshiНо как нам быть с тем, кто не имеет знаний, позволяющих отнести его к приверженцам «якини имана», или не имеет твердых убеждений, легко поддастся соблазнам и уговорам, из корысти называет черное — белым, белое — черным, клянется, выдавая ложь за правду, чтобы назвать его сторонником «таклиди имана»? Сохрани нас Аллах от таких людей. Каждый должен помнить, не существует имана помимо упомянутых.
И пусть вероотступники не рассчитывают на беспредельность божьей милости, они не заслуживают ни прощения Аллаха, ни защиты пророка. Будет проклят тот, кто принимает за истину ложные пословицы: «Острие меча сильнее клятвы», «Нет греха, которого не простил бы Аллах».
=====================================
5- Яқини (ар. ﯽﻨﯿﻘﯾ) – истинная вера
6 -Тақлиди (ар. ىﺪﯿﻠﻘﺗ) – традиционная вера

 

Слово Четырнадцатое