Слово Двенадцатое

Он Екінші Сөз
Кімде-кім жақсы дүр, жаман дүр ғибадат қылып жүрсе, оны ғибадаттан тыюға аузымыз бармайды, əйтеуір жақсылыққа қылған ниеттің жамандығы жоқ қой дейміз. Лəкин сондай адамдар толымды ғибадатқа ғылымы жетпесе де, қылса екен. Бірақ оның екі шарты бар, соны білсе екен. Əуел — иманның  иғтиқатын (9)  махкамлемек (10)  керек, екінші — үйреніп жеткенше осы да болады ғой де-мей, үйрене берсе керек. Кімде-кім үйреніп жетпей жатып, үйренгенін қойса, оны Құдай ұрды, ғибадаты ғибадат болмайды. Уа лəкин, кімде-кім иман неше нəрсе бірлəн кəмелəт табатұғынын уа неше жерден бұзылатұғынын білмей, басына шалма орап, бірəдар атын көріп, рузашыл, намазшыл болып жүргені көңілге қалың бермей тұрып жыртысын салғанға ұқсайды.

Күзетшісіз, ескерусіз иман тұрмайды, ықыласымен өзін-өзі аңдып, шын діни шыншылдап жаны ашып тұрмаса, салғырттың иманы бар деп болмайды.

==========================

9 (ар. دﺎﻘﺘﻋا) – нану, сену

10 (ар. ﻢﮑﺤﻣ) – мықты, сенімді деген сөзден құрастырылған етістік мықтамақ, күшейтпек

==========================

 
Слово Двенадцатое
Когда кто-то учит других слову божьему, хорошо ли, плохо ли делает он свое дело, у нас язык не повернется запретить ему проповедь, ибо нет ничего предосудительного в делах благонамеренных. Пусть наставляет, если даже сам недостаточно просвещен. Но ему следует помнить два непреложных условия.

Прежде всего, он должен утвердиться в своей вере, во-вторых, пусть слишком не довольствуется тем, что знает, а постоянно совершенствуется.

onekinshi

Если кто, не завершив учебу, оставляет ее, тот лишает себя божьего благословения, от его наставлений прока не жди. Что толку, если, обернув голову чалмой, строго соблюдая посты, совершая моления, он напускает на себя благообразие, но не знает, в каких местах требует повторения или в каком месте может прерваться тот или иной намаз?

Кто небрежен, не соблюдает себя в строгости, не умеет сострадать, того нельзя считать верующим — без бережливости и внимания не удержать в душе иман — веру.

Слово Тринадцатое